Жамбылда полиция пункты ашылды / 48👁

2019-12-16 08:10:03

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарасай ауданы, Жамбыл ауылында полиция пункты ашылды. 

Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысты. Бұл аудан бойынша заманауи үлгіде салынған бесінші пункт. Оның құрылысын "Мақсат" ЖШС жүргізген. 

   Бұған дейін осы іспетті полиция бекеттері Жандосов, Елтай, Бекболат және Шамалған ауылдарында да ашылған. Мұндай бөлімшелердің ерекшелігі, олардың бір бөлігі  учаскелік полиция қызметкерлерінің тұруына ыңғайластырылған. Ал екінші бөлігінде тәртіп сақшылары алаңсыз жұмыс жасай алады.