Бүгін редакциямызға бір оқырман сұмдық видео жіберді.
Онда Қарасай ауданына қарасты Әйтей аулының маңындағы алқаптардың бірінде иттердің бас-сүйегі шашылып жатқандығы бейнеленген.
«Ит – адамның досы» дейміз! Ал мына сұмдықты қараңыздаршы! Осыны адам қолымен істеді деп айту қиын. Бірақ... ол солай болып тұр. Адамдар бірнеше итті аулап, етін асқа пайдаланып, қаңқасы мен терісін қаптарға салып, мына жерге әкеліп тастаған. Өтір бара жатқан едім, байқып қалдым» дейді видео авторы.
Осыған қатысты Әйтей ауылдық округі әкімдігі жақын арада түсініктеме береді деп сенеміз.
Толық видеоны сілтеме бойынша көре аласыздар:
https://www.instagram.com/p/B8s24OVDOKs/?utm_source=ig_web_copy_link