Амандық Баталов коронавирус індетін алдын-алу ісіне жұмылдырылған азаматтарға қосымша сыйақы тағайындауды бұйырды деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің Фейсбук парақшасында жазды.
"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, короновирус індетін алдын-алу ісіне жұмылдырылған азаматтарға қосымша сыйақы тағайындауды бұйырды. Бұл жерде айта кетелік, наурыздың басында медперсоналға сыйақы берілген, енді міне тағы берілмек. Бірақ, бұл жолы құзырлы орган қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, әкімдік мамандары есепке алынбақ", деген хабарламада.
Айта кетейік, Алматы қаласы мен Қарасай ауданының шекарасында бірнеше блокпост қойылған.