Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ке жетті

2020-04-20 08:00:37

 Алматы облысында тағы 3 адамның ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 2-еуі Кербұлақ, 1-еуі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары.

Кербұлақ ауданының 1973 жылы және 1991 жылы туған тұрғындары - бұған дейін 17 сәуірде  ауырған сырқатпен байланыста болғандар. Ал Еңбекшіқазақ ауданында сырқаты тіркелген 2006 жылғы жасөспірімнің әзірге вирусты кімнен жұқтырғаны белгісіз. Анасының айтуынша, баласы ешкіммен байланыста болмаған. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК облыстық филиалында үш пациентке жасалған лабораториялық зерттеулер оң нәтиже көрсетті. Қазір олар Еңбекшіқазақ аудандық көп салалы ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. 

Сырқаттармен байланыста болғандар саны – 24. Солардың ішінде үй жағдайында байланыста болған 12-сі үй карантиніне алынса, сыртта қарым-қатынас жасаған 12-сі провизорлық стационарға жатқызылды. Олардың барлығынан вирусологиялық анализ алынды. 

Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ке жетті.