Қарасайлық жастар үшін тегін оқуға түсу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі аудандық Полиция басқармасының берген мәліметі негізінде.
"Тегін оқу! Қарасай аудандық ПБ Қазақстан Республикасының ІІМ академиясына түскісі келетін кандидаттарды іздейді. Қабылдау мен іріктеу жалпы орта білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қойған талаптарына жауап беретін, əскери қызмет етуге жəне білім алуға денсаулық жағдайы сəйкес келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан таңдалады. Жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Қызығушылық танытқан жандар Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 52 мекенжайына келуге немесе 87077275177 телефонына хабарласа алады" делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат видеода.