"Kaskelenkz" оқырмандары 50 мың болды!

2020-04-23 16:00:38

"Kaskelenkz" ақпараттық-аналитикалық порталының инстаграм-парақшасындағы оқырман саны бүгін 50 000-ға жетті! 

Осыдан екі жыл бұрын жұмысын белсенді түрде бастаған медиа-жоба бүгінгі күні жақсы жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Халық пен билік арасындағы "алтын көпір" іспетті болған инстапарақшада Қарасай ауданының күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты жаңалықтардан бөлек, шешімін таппай жатқан өзекті проблемалар да үнемі қозғалады. 

Бүгінгі таңда Kaskelenkz-тің ақпараттық сайты, ютуб арнасы және инстапарақшасы - қарасайлықтарды ғана емес, республика көлеміндегі оқырмандарды біріктіретін алаңға айналды. 

Медиа-жоба командасы кездесіп жатқан қиындықтарға қарамастан, алған бағытынан таймай, алдағы уақытта да халық игілігі үшін қызметін жалғастырады! 

KASKELENKZ нағыз - ХАЛЫҚ МЕДИАСЫ!

KASKELENKZ - АҚИҚАТ АЛАҢЫ!