Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев ерекше құттықтау жолдады.
@akimatkarasay парақшасында аудан басшысының "Бейбіт күн тілегі" әнін орындаған видеосы жүктелді.
"Жігітке жеті өнер де аз" демекші, аудан халқы әкім мырзанының көшбасшылық қасиетінен бөлек, әншілік қырын да таныды.
Бейнебаянның астына жазылған пікірлерге қарағанда, халық "әнші-әкімді" жылы қабылдаған сияқты...
Әннен бөлек, Жандарбек Ермекұлы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, және барша қарасайлықтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
Әкімнің ән орындағанын көргіңіз келсе, сілтеме арқылы өтіңіз: