Биыл Қарасай ауданы бойынша білім ошақтарынан 1863 түлек ұшып шықты.
Бүгін, яғни 3-маусымда мектеп бітіруге арналған "Birgemiz: ТҮЛЕК - 2020" атты салтанатты іс-шарасы ауданның 47 мектебінде өтті. Оған 1724 оқушы қатысып, аттестат алды.
Салтанатты жиын оқшауланған тәртіпте, 20 минутқа ғана созылып, ата-аналардың қатысуынсыз өтті.
Тағы бір ерекшелік - биыл оқушылар мен ата-аналардың мектеп бітіру кешіне мейрамханаға жиналуына рұқсат жоқ.