ІІМ балалар арасында тараған қауіпті ойынға қатысты дабыл қақты

2024-09-30 14:27:41

«Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды.Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді. Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралып жатыр. Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін», — дейді ол.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырды.

«Жалпы әрбір суицид дерегі бойынша балаларды суицид жасауға итермелеген себептерді және оған қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Жалпы, суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесімен ғана белгілі болады. Суицид жасау және соған әрекеттенген 14 бала мас күйде болған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің бір жағдайында жасөспірім есірткіге масаң күйде болған.Талдау көрсеткендей, көп жағдайда 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер суицидке оқталады», — дейді ресми өкіл.

 

Последние новости

30.09.2024
Балқашта атом электр стансасына су жетеді ме — министр Нұржігітов жауап берді
30.09.2024
Жұманғарин арпа мен бидайдың бағасына қатысты шұғыл жиналыс өткізді
30.09.2024
Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Әкімдік мәлімдеме жасады
30.09.2024
Енді Қазақстанда қосылған құн салығы 15 күнде қайтарылады
30.09.2024
Ленгерде араққа салынған ананың балалары аш, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр — Зәкиева
30.09.2024
Түркістанда оқушылар әлі даладағы дәретханаға барады, іштегі әжетхананың кілті директорда — Зәкиева
30.09.2024
Бір бала суицид жасап, зорлық көрген 15 жастағы қыз бала көтерген — Сарыағаш мектебіндегі сұмдық фактілер
30.09.2024
Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанып, мектепке бара алмай отыр — Динара Зәкиева