«Ешжерде жарияламадық»: Тәуекел Мүсілім үшінші рет әке атанбақ

2024-10-01 12:27:47

Өнер иесі сүйінші жаңалығын Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында жария етті. Аталған бағдарламаға Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббат Мүсіліммен бірге қонақ болды.

«Әйелім күнделікті уақытымның 70 пайызы балаларға кетеді деп шағымданып жүрген. Жақында 100 пайыз уақытын балаларымызға арнайтын болады. Себебі біз үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық. Сондықтан Динара Сәтжанның бағдарламасындағы эксклюзив жаңалық деп айтуға болатын шығар. Бірақ әлі ұл немесе қыз екенін білмейміз», – деді актер.

Сондай-ақ, жұлдызды жұптың бағдарламаға орысша сұхбат бергені көпшілікке ұнамады. Желі қолданушылары құттықтаудың орнына, ана тілінде сөйлемегендерін сынады.

“Үш қазақ отырып орысша сөйлесіп отыр!», «Қазақ қазақпен орысша сөйлеседі. Орысша сөйлесу сәннен кетіп барады, біздікі сол құлдық санадан арыла алмай келеміз», «Неге қазақ пен қазақ орысша сөйлеседі? Сендерді қазақтан басқа кім қарайды? «Ана тілін құрметтемей үш қазақ, шүңгірлеп отыр ғой», «Бәрің қазақсыңдар, неге орысша сөйлесіп отырсыңдар», – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, «Сол баяғы жемқорлық» деп Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірген еді.

 

Последние новости

01.10.2024
Желіде Түркістан облысының бас имамы қол астындағылардан ақша жинайды деген ақпарат тарады
01.10.2024
Астанадағы Майлин көшесінің бойынан 20 жастағы қыздың мәйіті табылды
01.10.2024
Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының жаңа әкімі болды
01.10.2024
Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды
01.10.2024
Ұлымды ұрлап кетті — Петропавлда баласын ұрды деп күдікке ілінген әйел қамқоршылық органдарын кінәлады
01.10.2024
Екібастұзда екі студентті бір сағат бойы аяусыз ұрып-соққан
01.10.2024
9 мың теңге төлем, тегін тіс протезі, көмірдің ақшасы — Қазақстан қарттарға қандай көмек береді
01.10.2024
Балалар омбудсмені Петропавлда ауруханаға түскен төрт жасар баланың ісіне қатысты мәліметтерді жариялады