Халықтың қарыз жүктемесін азайту қажет – Тоқаев

2024-10-03 12:27:41

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет «адал еңбек – адал табыс» қағидасына сай қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін президент мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып, мемлекет тарапынан кімге қолдау жасалатынын ерекше атап өтті.

«Мемлекет адал еңбегімен тұрмысын жақсартуға дайын жандарға әрқашан қолдау көрсетеді. Бұл «Адал еңбек – Адал табыс» қағидасына толық сәйкес келеді және Әділетті Қазақстан құрудың негізгі факторларының бірі. Сондықтан келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияладым. Осы арқылы қоғамда еңбек құндылығы мен кәсіби біліктіліктің орнығуына ықпал етеміз деп сенемін», — деді Тоқаев.

Осы орайда президент үкімет тарапынан айрықша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерге де тоқталды. Олар:

жастарға, әйелдерге, кәсіпкерлерге, зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету;

халықтың қарыз жүктемесін азайту;

ауыл тұрғындарының кірісін арттыру;

пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару;

экологиялық, қаржылық сауаттылықты жетілдіру;

қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру.

Бұған дейін үкіметке «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» сияқты жобалардың ауқымын кеңейтуге тапсырма берілген.

 

 

 

 

 

 

 

Последние новости

03.10.2024
«Түсінбегендер аударма жасап алсын»: Ерке Есмахан қазақша сөйлегені үшін оқырмандарынан сөз естіді
03.10.2024
«Шетелдіктердің мақтағаны жақсы, бірақ тазалық өзімізге керек»: Тоқаев тазалық мәдениеті жайлы айтты
03.10.2024
Бірінші, екінші, үшінші: Тоқаев мәслихат депутаттарының негізгі міндеттерін атады
03.10.2024
Ұлттық ұлан сарбаздары Есілге секірген бойжеткенді ажалдан арашалап алды (ВИДЕО)
03.10.2024
Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек – Тоқаев
03.10.2024
Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды – Тоқаев
03.10.2024
Тоқаев бірнеше күннен кейін өтетін референдум туралы маңызды мәлімдеме жасады
03.10.2024
Саяси партиялар дауыс үшін күрессе де, су тасқыны кезінде ынтымақтың үлгісін көрсетті – Президент