Синоптиктердің болжамынша, аптаның басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз сақталады. Кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына циклон әсер етеді. Салдарынан найзағай мен жаңбыр болады. 9-10 қазанда батыста нөсер жаңбыр болжануда.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендеуі болжанған. Ал қалған аумақта күрт өзгерістер жоқ.