Өнер өкілі “1001түн” бағдарламасында қонақ болып, шығармашылығы жөнінде ой қозғады.
«Ер адам, әйел адам деп көп бөле бермей, бір-бірін бағалап, еркелетіп жүрсінші деген ниетпен «Қыз-бозбала» әнін шығардым. 30-да болсын, 40-та болсын, адамның көңілі бозбаланыкіндей болып қалады дегенді жеткізгім келді. Үйде бір-бірімізге ауыр сөздерді көбірек айтатын сияқтымыз. «Сен кінәлісің», «Сенің кесірің» деп емес, «Арыстаным», «Аққуым» деп жиі айтайықшы деген нәрсені үндегім келді», – деді әнші.
Сондай-ақ, Мархаба Сәби YouTube желісінде бір айда 3,2 миллион рет тыңдалған туындысы арқылы отбасы құндылығын да насихаттағысы келіпті.
«Демалам» әні алдыңғы әнімнің жалғасы іспеттес. Ерлі-зайыптылар бір-біріне демалыс, еркіндік беріп тұруы керегін еске салғым келді», – деді сазгер.
Айта кетейік, өнер иесі оқуын тастап кеткенін мойындаған еді.