«Қаңды Қаңтар оқиғасынан кейін ел алдында жүрген «қор ашқыштарды» тексеруді сұраған едім.«Қайрымдылық үшін» деп қорға жиналған ақшаға террористерді қаржыландырып отырған шығар. Қорлардың көбейгендігі соншалық, кейбіреулер қор ашуды кәсіп қылып алды. Аңқау, аңғал халық «пирамидаға» кіріп алданғандары аздай, енді қорларға жем болып жатыр», — дейді Орынбек.
Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ халқына» қорын ашып, халықтан садақаларын әр бір тиыны бақылауда тұрған қорға салуды сұраған.
«Тіпті әкімдік ішінен қор ашып алған әкімдер бар. Бұлардың бәрін еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру керек. Көшеде жәшік ұстаған жасөспірімдер, мүгедек балалардың суретін ұстап алып, әркімге алақан жайып жүруге жол бермейді. Бұған тоқтау қоятын уақыт келді», — деді ол.