Қаскелеңнің көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі - ке сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, қазіргі таңда Алматы облысының аудандары мен қалаларындағы қоғамдық орындарда Полиция департаментінің кезекшілік пультімен байланыстырылған бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылы қосымша Қапшағай қаласында – 500, Қаскелеңде – 150 және Жаркентте – 50 камера орнатылады.
Сондай-ақ Талдықорған қаласы мен Бақанас, Кеген, Шонжы ауылдарында жалпы саны 515 бейнебақылау камералын сатып алу және орнату жұмыстарының жобалық-сметалық құжатталамарын әзірлеуге қажетті қаражат бөлінген.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдарда облысымыздың өзге елді-мекендерінде де жалғасатын болады.