Қарасай ауданында бейіттердегі құлыптастар жоғалып жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл туралы редакциямызға тұрғындар шағымданды. Қаскелең қаласынан Жамбыл ауылына бет алғандағы жол бойындағы бейітке жақында ғана анасын жерлеген балалары біраз күннен соң сонда барып, өз көздеріне өздері сене алмаған. Себебі, қабір басына қойылған құлыптасты белгісіз біреулер қолды қылған. Шағым айтушы мұндай келеңсіз жағдай өзге де таныстарының басында болғанын да айтады. Олар бірден аудандық полиция басқармасына хабарласып, арыз түсірген. Дегенмен, тұрғындар тәртіп сақшыларының бұдан қандай да бір нәтиже шығаратынына күмәнмен қарайды.