Жесірді жұбатып, жетімнің көз жасын сүртер кім бар? / 6?

2019-08-10 14:05:51

Гүлнар Бекпанова марқұм болып кеткен жолдасы Нұрланмен осыдан 3-4 жыл бұрын Тараздан көшіп келген. Екінші баласының денсаулығына байланысты Алматыны бетке алған жас отбасы Райымбек округіндегі осы елді мекенге қоныстанған. Екеуі де жетім өскен. Қолдан келер кәсібі, жоғары білім болмаған соң, жақын маңдағы базардың біріне аула сыпырушы болып орналасқан. Бірі күндіз, бірі түнде сауда орнын қоқыстан тазартып, нәпақыларын тауып отырды. Қалтаның тарлығынан аядай мына бөлмені айына 25 мыңға жалдап тұрып жатыр. Бұған дейін көмек сұрап ешбір әкімнің есігін қақпай, мемлекеттен бөлінетін әлеуметтік жәрдемақыларға да алақан жаймай, қарапайым тіршілік кешіп келе жатқан отбасына осы жазда қара бұлт үйірілді. Отағасы беймезгіл өз өзіне қол жұмсап бақилық болды.
Айдың-күннің аманында арқа сүйер азаматынан айырылған Гүлнар әлі 30-ға да толмаған. Көпбалалы ана пәтерінің кейінгі айлардағы ақысын да төлей алмай әбден қарызға батыпты. Жолдасын қара жер қойнына тапсырып келген соң белін бекем буып балалары үшін өмір сүрем деп бекінгенімен, жұмыс жасайтын да жағдайы жоқ. Себебі, кішкентайы енді бірден асқан. Ал, алдыңғы ұлы мен қызы мектепке барады. Балаларға қарайтын ешкімі жоқ. Қазірдің өзінде қайырымды жандардың көмек етіп берген азы-түлігін тамақ қылып отырған жайы бар.
Өткен айда Гүлнар атаулы әлеуметтік көмек алудан үміттеніп, әкімдікке құжаттарын өткізген. Бірақ, жәрдемақы әлі қолына тиген жоқ. Қазіргі оның уайымы екі баласын сабаққа даярлау. Бағасы ұшып тұрған мектеп формалары мен қажетті дәптер-қаламды қалай аламын деп дал.

 

Последние новости

07.08.2019
Майса көшесіндегі қуаныш / 7?
06.08.2019
Күн қатты ысиды / 6?
06.08.2019
Бірінші Май округіндегі су мәселесі жылдар бойы өзекті / 27?
05.08.2019
Өрт пен судан сақ болуды ескертті / 13?
03.08.2019
Орталық алаңдағы Қарасай батыр ескерткіші қайда? / 11?
03.08.2019
Тұрғындар тазалыққа көңіл бөлмейді / 59?
02.08.2019
Достық көшесіндегі дау / 8?
02.08.2019
Қарасайлықтар латын қарпіне көшуге дайын ба? / 15?