2020 жылдан бастап жоғарғы оқу орнына құжат тапсырудың қажеті болмайды.
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари хабарлады. Оның айтуынша, білім беру жүйесінде 67 қызмет электронды түрде қолжетімді. Соның арқасында бір базада бар құжаттарды қайта жинап жүрудің қажеті жоқ.
Оған қоса, «Күнделік» жүйесіндегі деректер автоматты түрде жоғарғы оқу орнына беріледі, сәйкесінше бұл талапкерлер мен ұстаздардың жұмысын жеңілдетпек. Бүгінде мектептер мен балабақшалардағы оқу процесі де автоматтандырылған.
Дереккөз:
@inbusinesskz