Өткен аптада Қарасай аудандық мәдениет үйінде КТА лигасының 1/8 финалы өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz.
Естеріңізге сала кетсек, қазан айының соңында Қарасай ауданы әкімдігінің қолдауымен және Kaskelenkz медиа жобасының серіктес болуымен, ауданымызда алғаш рет КТА лигасының маусымашары өткен болатын. Бұл тұсаукесерде қарасайлық жас әзілкештермен қатар, көршілес Жамбыл, Іле аудандарынан, сондай-ақ, Алматы қаласынан арнайы командалар да қатысып, бақ сынаған еді. Жастардың бұл бас қосуы Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Ал желтоқсанның 20-да командалар КТА лигасының 1/8 финалыңда тағы бір кездесіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Әзілкештер «Сәлемдесу», «Жамбы ату» «Бір әуен аясында» атты үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Айта кетейік, әділ-қазылар алқасының құрамында Kaskelenkz медиа жобасының негізін қалаушы, блогер Куаныш Шаханов та болды.
Кешті танымал жайдарманшы, әзілкеш, жақында ғана өткен республикалық КТА лигасының «Үздік ойыншысы – 2019» атағына ие болған Хамит Ердехан жүргізді.
Қорыта айтар болсақ, 1/4 финалға 8 команда: «Мәдениетті жігіттер», «Неге бәрі қыз?», «Қайнар жастары», «КазГАСА», «Ұқсамайтын егіздер», «Олимп», «МG» және «Транзит» өтті. Ал, алматылық АЭСА мен "Стилдің" қыз-жігіттері лигамен қош айтысты. Сондай-ақ, ойын барысында «Үздік ойыншы» мен «Үздік команда» анықталып, марапатқа ие болды.