Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 9-ға жетті, деп хабарлайды Kaskelenkz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 сәуірде Қарасай ауданында тағы 1 адам коронавирустан емделіп шықты. Ол - 1950 жылы туған зейнеткер, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының тұрғыны.
4 сәуірде пациент орташа ауыр жағдайда Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылған болатын.
Тиісті ем қабылдап, КВИ-ге екі рет жасаған анализінің қорытындысы теріс болып шыққаннан кейін ол 20 сәуірде ауруханадан шығарылды. Енді ол 14 күн үй карантинде болады.