Қарасайлық мұғалім контейнерде сабақ беріп жүр

2020-05-20 12:00:41

Қарасайлық педагог балаларды контейнерде отырып қашықтықтан оқытып жүр. Тарих пәнінің мұғалімі бала-шағасымен тар үйге сыймай, амалсыз контейнерді сынып бөлмесіне айналдырып алған. Ұстаздың жағдайын Azattyq Rýhy тілшісі біліп қайтқан.
­
Дүйсен Әмірхан Қарасай ауданы, Көксай ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектепте жоғарғы сыныптарға тарихтан сабақ береді. ­
Соңғы екі айда осы контейнерде отырып, оқушыларға WhatsApp арқылы сабақ беріп жүрген ұстаз 40 минут жетпейтінін айтты. 30 оқушы амандасып, оларды түгендеп тапсырма бергенше, уақыт өте шығады екен.
­
«Уақыт әрине жетпейді. Сыныптағы барлық оқушының жауабын қарап, дұрыс-бұрысын тексеріп, ойын тыңдауды түгендеп болғанша кеш болады. Түске дейін өткен сабақтардың жауабын түстен кейін жіберіп жатады. Балалармен кері байланыс орнату керек. Ал түннің бір уағына дейін қойылған бағаларды компьютерге теріп, kundelik.kz қоямыз, есеп-қисап бар, жоспар құрып сабаққа дайындалуың керек. Интернет баяулап қалғанда жұмыс уақытым да ұзара түседі», - дейді Дүйсен Әмірхан.

Дүйсен Әмірхан екі мыңыншы жылдары Тарбағатайдан Алматыға көшіп келген. Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаз осы күнге дейін, тұрмыстық жағдайы туралы ешкімге шағымданбапты. Ол «мұғалім ары-ұжданын бәрінен биік қою керек» деп санайды. Тәжірибелі ұстаз көбірек ақша табу үшін, бірнеше «ставкамен» жұмыс істейтін әріптестерін қолдамайды. Өйткені, білім сапасына кері әсер ететінін айтады. Жас кезінен күреспен шұғылданған мұғалім қазір 40 оқушыға дзюдоны тегін үйретеді екен. Қайырымды жандар жаттығу залын ашып берген. Тіпті, ол «Жігіттің сұлтаны жекпе- жекте», «Жарбұлақтың жарық жұлдыздары» және «Жеңілме жепе жекте» сынды үш кітаптың авторы.
­
«Туған жер, дүниеге келген отбасың және ұстазың. Осы үшеуі адамға әсер ететін факторлар. Мен әр қазақ тебірене айтатын әйгілі «Ауылым» әнінің сөзін жазған ақын Жабайыл Бейсеновтің жерлесімін. Лұқпан Сыдық ән арнаған өлкеде, спортшылар, академиктер шыққан шығыста өстік. 2 класымнан бастап атам мен әжемнің қолында батырлар жырын оқып, тәрибелендім. Басты құндылық махаббат. Яғни, ата-анаға, шәкірттерге, жаратушыға, туған жерге, балаңа деген махаббат. Сол махаббат шығыстан шыққан спорт жұлдыздарды жазуға итермеледі», - деп ойымен бөлісті мұғалім
.

 ­
Қазір Алматы ірігесінде тар «времянкада» тұрып жатқан ұстаз жер болса, баспана салып алатынын айтады. Ол отбасы тұратын жерде сабақ өткізу қиын болғандықтан, контейнерге жеке шыққан.
­
Дегенмен, Дүйсен ағай «Педагог мәртебесі» туралы қабылданған заң, жемқорлықты жою, айлықты өсіру туралы министрдің бастамаларына риза. Оптимист жан ұстаздардың заманы әлі туады дегенге сенеді.
­

 

 

Последние новости

13.05.2020
Без вести пропавшего юношу-инвалида нашли в селе Шамалган
12.05.2020
Тыл ардагерлерін ардақтады
11.05.2020
Не оставили без внимания
11.05.2020
Подарили ноутбук детям погибшего полицейского
11.05.2020
Карасайские полицейские исполнили мечту ветерана
11.05.2020
ЦОН-ы начнут работать
11.05.2020
Карантин мамырдың соңына дейін сақталады
09.05.2020
Аудан әкімі ардагерлерді ән айтып құттықтады