Шизофрениясы бар: Павлодарда сыныптасы мен мұғалімді жаралаған оқушы түрмеде отырмайтын болды

2024-09-30 14:27:41

Қылмыстық іс көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу фактісі (ҚК 24-б. 3-б. – 99-б. 2-б. 14 т.) бойынша қозғалған. Сот жабық өткеніне байланысты қылмыстың мән-жайы жария етілмейді.

Амбулаторлық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамалары жасөспірім есі дұрыс емес жағдайда қылмыс жасағанын анықтаған. Осыған байланысты прокурор мен жәбірленушілер сотталушының психикалық ауруға шалдығуына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұраған.

«Ж.-ның психикалық ауруының болуына байланысты, өз іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмағандықтан және оларға ие бола алмағандықтан сот Ж.-ға жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», — деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, осы жылдың мамыр айында Павлодарда 17 жастағы бала мектепке өзімен бірге пышақ әкеліп, сыныптасы мен мұғалімді жаралаған. Зардап шеккендерге ауруханада алғашқы көмек көрсетіліп, кейін олар амбулаторлық емге жіберілді.

 

Последние новости

30.09.2024
ІІМ балалар арасында тараған қауіпті ойынға қатысты дабыл қақты
30.09.2024
Балқашта атом электр стансасына су жетеді ме — министр Нұржігітов жауап берді
30.09.2024
Жұманғарин арпа мен бидайдың бағасына қатысты шұғыл жиналыс өткізді
30.09.2024
Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Әкімдік мәлімдеме жасады
30.09.2024
Енді Қазақстанда қосылған құн салығы 15 күнде қайтарылады
30.09.2024
Ленгерде араққа салынған ананың балалары аш, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр — Зәкиева
30.09.2024
Түркістанда оқушылар әлі даладағы дәретханаға барады, іштегі әжетхананың кілті директорда — Зәкиева
30.09.2024
Бір бала суицид жасап, зорлық көрген 15 жастағы қыз бала көтерген — Сарыағаш мектебіндегі сұмдық фактілер