Оның айтуынша, елімізде әлі егін орағы жалғасып жатыр.
«Қазіргі таңда астықтың 89 пайызға тартасы жиналған. Өнімнің жалпы көлемі 21 млн тоннадан асады. Өнімділік – бір гектардан 14,8 центнер. Қазір оңтүстік өңірлер егін жинау науқанын аяқт»ды, ал солтүстік облыстарда егін орағы әлі жүріп жатыр», — деді Ермек Кенжеханұлы сенат кулуарында.
Шенеунік жиналған астықтың 60-70 пайыздан астамының сапасы жақсы екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда өндірілетін астық көлемі ішкі сұранысты қанағаттандыруға жетеді. Тіпті, экспорт нарығын кеңейтуге де мүмкіндік бар.
Осы орайда журналистер вице-министрден ұн бағасы қалай өзгеретінін сұрады.
«Ұнның бағасы туралы бірдеңе айту әзірге ерте. Себебі нарық әлі құбылып тұр, бидай бағасы енді анықталып жатыр. Сол себепті ұнның бағасын болжау ерте», — деп жауап берді министр орынбасары.