«Айды аспаннан бір-ақ шығарды»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттың алғашқы отырысын көрсетті (ВИДЕО)

2024-10-03 14:27:27

«Менің апелляцииялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Себебі, ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда, қарсы тараптың еш дәлелсіз сотқа жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттері бар. Қалай болғанда да сот екі тараптың дәлелдерін тексеретініне сенемін», — дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Оның айтуынша, сот бірінші отырыста өзара келісімге келуді ұсынған.

«Үйге толық төлем жасалмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын екі жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелді. Жарнамалық келісімшартты іске дәлел ретінде тіккенімді сот назарына тағы бір ескертемін. Үйге толық төлем жасалғаны, үйіме қосы паркингті сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегендігі жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар», — дейді ол.

Еске салсақ, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова осыған дейін құрылыс компаниясына алданып, үйін басқа біреудің атына жазып бергенін жария еткен еді. 

 

Последние новости

03.10.2024
«Менің ең қорқатыным — telegram»: депутат Әбенов желіде таралатын қылмыстарды атады
03.10.2024
Бірнеше үй газсыз қалды: Ақтөбеде мас әйел көлігімен шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)
03.10.2024
Егін орағы аяқталуға жақын: ұн арзандай ма, әлде қымбаттай ма
03.10.2024
Халықтың қарыз жүктемесін азайту қажет – Тоқаев
03.10.2024
«Түсінбегендер аударма жасап алсын»: Ерке Есмахан қазақша сөйлегені үшін оқырмандарынан сөз естіді
03.10.2024
«Шетелдіктердің мақтағаны жақсы, бірақ тазалық өзімізге керек»: Тоқаев тазалық мәдениеті жайлы айтты
03.10.2024
Бірінші, екінші, үшінші: Тоқаев мәслихат депутаттарының негізгі міндеттерін атады
03.10.2024
Ұлттық ұлан сарбаздары Есілге секірген бойжеткенді ажалдан арашалап алды (ВИДЕО)