Алматы облыстық ПД мәліметінше, 29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.
«Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген ПД хабарламасында.
Қайтыс болған жігіт трюк жасау үшін танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін сұрап алған.