«Қазхромның» хабарлауынша, оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері жарақаттанып, көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді», — деп хабарлады «Қазхром» ТҰК» АҚ Корпоративтік коммуникация қызметі.
Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
«Қылмыстық кодекстің «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген ПД хабарламасында.