Ауа райына байланысты облыста үш ірі тасжол толықтай жабылды.
«Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 8-216 шақырымында (Тобыл қ. — Октябрь ауылы учаскесі), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 463-539 шақырымында (Қостанай қ. — Федоровка ауылы учаскесі) және «Екатеринбург-Алматы» автожолының 589-683 шақырымы (Щербакова ауылы-Сарыкөл ауылы учаскесі) аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.