Енді рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған қазақстандықтарға салынатын айыппұл мөлшері ұлғайтылмақ

2024-10-31 08:27:43

Енді габаритті қалдықтардан бөлек, ескі жиһаз, сынған тұрмыстық техниканы кез келген жерде қалдырған азаматтар қалтасынан қыруар қаржы санап беруі мүмкін.

Министрлік өкілдері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгеріс енгізбек. Онда жеке тұлғаларға белгіленген айыппұл көлемін 185 мың теңгеден (50 АЕК) 740 мың теңгеге (200 АЕК) дейін ұлғайту көзделіп отыр. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100-ден 700 АЕК-ке дейін өсіру қарастырылған.

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 1000, ірі кәсіпкерліктер үшін 2000 АЕК-ке дейін өсіру ұсынылған. Өзгеріске сәйкес, заң талаптарын екінші рет бұзғандардың айыппұлы екі еселеніп, бизнесмендердің көлік құралдары мен мүлкін тәркіленеді.

 

Последние новости

31.10.2024
Испанияда соңғы 30 жылдағы жойқын тасқыннан қаза тапқандар саны 95-ке жетті
31.10.2024
Дөң кен-байыту комбинатында жүк көлігі аударылып, екі жұмысшы мерт болды (ВИДЕО)
31.10.2024
«Танымал блогердің көлігін сұрап алған»: Алматы облысында қауіпті трюк жасаған жігіт мерт болды
31.10.2024
Гороскоп на 31 октября
30.10.2024
«Осы ма «Әділетті Қазақстан?!». Әнарудың адвокаты біраз былықты айтты
30.10.2024
«Буллинге ұшырамаған»: министр Жамбыл облысында суицид жасаған екі баланың өліміне қатысты пікір білдірді
30.10.2024
Қазақстанның сыртқы қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды
30.10.2024
«Бюджеттің басым бөлігі мұнайға тәуелді»: депутат Үкімет жұмысының кемшін тұстарын тізбектеп шықты