СОТ НЕ ДЕЙДІ
2024 жылдың 5 қарашасында Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы С.Ерғалиевке қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қараған.
– Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі үкімімен С.Ерғалиев РМҚК басшысы, яғни лауазымды тұлға бола отырып, өзінің лауазымдық теріс пайдалана отырып, 2019 жылғы қарашадан желтоқсанға дейінгі кезеңде өзінің заңсыз лауазымдық өкілеттіктерін қызметке қайшы және басқа тұлғалар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында А.-ны сурдлимпиадалық спорт түрлерінен аға жаттықтырушы лауазымына тағайындап, оны ХІХ қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысуға іссапарға жібергені, сондай-ақ 111 млн астам сомада ақшалай көтермелеу алуға ықпал еткені үшін кінәлі деп танылған, – деп хабарлайды сот.
Бірінші сатыдағы сот актісімен келіспей, сотталған мен оның адвокаттары оған шағым келтірген. Алайда алқа соттың сотталушының кінәсін дәлелдеу туралы тұжырымдарымен келіске, өйткені оның кінәсі куәгерлердің, соның ішінде шахматшылар мен жаттықтырушылардың айғақтарымен дәлелденген. Олар А.-ны білмейтінін, ол оларды жаттықтырмағанын, шахмат ойындарында оны көрмегендерін айтып, растаған. Тергеу барысында А. ақшалай көтермелеу сомасын қайтарған.
Залал өтелгеніне қарамастан, сот үкімімен С.Ерғалиев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Алқа жасалған сыбайлас жемқорлық ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, жазаның түрі мен мөлшерімен келісті. Үкім заңды күшіне енді.
ЕРҒАЛИЕВКЕ ШЫҚҚАН ҮКІМ
Астанадағы спортты дамыту дирекциясының басшысы Самат Ерғалиев қызметтік құзіретін асыра пайдаланып, қомақты материалдық шығын келтірді деп айыпталған. Сотта хабарланғандай, Ерғалиев 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Дефлимпиада ойын спорт түрлерінен аға жаттықтырушыны заңсыз тағайындаған. Және оны 19-шы қысқы Дефлимпиада ойындарына қатысу үшін Италияға іссапарға жіберген. Осылайша, сотталушы аға жаттықтырушының жалақысын, іссапар шығындарын және жалпы сомасы 113 млн теңгеден астам материалдық пайданы заңсыз алуға ықпал еткен. Сотталушы мен оның қорғаушылары оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына сілтеме жасай отырып, оны ақтауды сұрады.
Алайда сот спортты дамыту дирекциясының басшысын 3,5 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырған.