Димаш Құдайберген 4-5 қараша күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапарында Елисей сарайында өнер көрсеткен болатын.
Отандасымыз осы сапарда өткен арнайы кеште өзінің репертуарындағы белгілі «SOS d’un terrien en détresse» композициясын француз тілінде орындаса, қазақ тілінде қазақтың халық әні «Дайдидау» әнін шырқады.
Димаштың орындауынан кейін Францияның экс-президентінің әйелі де отандасымыздың әніне жоғары баға берді.
«Кеше кешкісін қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергеннің әнін тыңдау құрметіне ие болғаным үшін сондай бақыттымын. Кейбір ғажайып дауыстар бізді басқа бір әлемге, жұмаққа алып кеткендей әсер қалдырады.
Димаш Құдайберген, сіздің бар болғаныңыз үшін рақмет. Сіздің орасан зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін, қарапайымдылығыңыз бен мейірімділігіңіз үшін алғысым шексіз», — деп жазады Карла Бруни-Саркози.